Новости

5b05c55deef1412a3a160ab2

 

Дизайн - постер (зубПаста)

 

Дизайн - постер (шампунь)

Реклама
Мы будем рады обсудить все ваши предложения и пожелания, и очень надеемся, что вы будите нашим постоянным клиентом.

 

 
Главная » Инструкция МЕТРОГИЛ

Инструкция МЕТРОГИЛ

Инструкция по применению МЕТРОГИЛ
<< На русском | На казахском >>

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармация комитеті Төрағасының

2006 жылғы "06"    ____04______

54 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

Дәрілік заттың қолдану

 жөнінде тұтынушыларға аорналған

нұсқаулық

(аннотация-қосымша бет

МЕТРОГИЛ® 

Саудалық атауы
МЕТРОГИЛ

Халықаралық патенттелмеген атауы
Метронидазол

Дәрілік түрі
10 мг/г терінің сыртына қолдануға арналған гель

Құрамы
1 грамм гельдің құрамында:
белсенді зат
- метронидазол .........................................   10,0 мг
қосымша заттар:
метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, карбомер 940, динатрий эдетаты, натрий гидроксиді, пропиленгликоль, тазартылған су.

Сипаттамасы
Түссізден сарғыштау түске дейінгі бір текті гель

Фармакологиялық қасиеттері
Метронидазол - имидазол тобына жататын әсер ету ауқымы кең, микробқа және протозойға қарсы синтетикалық дәрі.
Фармакокинетикасы

Сіңуі өте аз, гельді терінің сыртына қолданғаннан кейін қан сарысуында препараттың тек ізі ғана табылады. Сіңген метронидазол плацента және гемато-энцефалиялық бөгет арқылы өтеді.
Фармакодинамикасы

Жергілікті қолданған кезде терінің сыртына қолдануға арналған гель Метрогил безеуге қарсы әсер етеді. Анаэробтарға (Bacteroіdes spp., Fusobacterіum spp., Mobіluncus spp., Peptococcus spp., Peptostreptococcus spp., Clostrіdіum, Eubacterіum, Bacteroіdes fragіlіs, Prevotella) және қарапайымдыларға  (Trіchomonas vagіnalіs, Gіardіa іntestіnalіs, Entamoeba hіstolyca іntestіnalіs) қатысы белсенді.
Метрогил терінің сыртына қолдануға арналған гель антиоксидантты белсенділікке ие. Оның қабынған жердегі тіндерді зақымдауға қабілетті потенциальды оксидант болып табылатын сутегі пероксидінің, гидроксилді радикалдардың  және белсенді оттегінің нейтрофилдерімен өнімді едәуір төмендететіні анықталды. Терінің сыртына қолданылатын Метрогил қызғылт безеулерде білінетін телеангиэктазияға   тиімсіз.

Қолданылуы

  • қызғылт безеулер (соның ішінде постстероидты)
  • тұрпайы безеу бөртпесі
  • терінің жұқпалы ауруы
  • экзема
  • майлы себорея, себореялы дерматит
  • аяқтардың трофикалық ойық жарасы (көктамырдың варикозды кеңеюі, қант диабеті аясында).
  • нашар бітелетін жаралар
  • ойылулар
  • күюлер
  • геморрой, ішектің жарылуы.

Қолдану тәсілдері және дозалар
Жергілікті. Метрогил® гелін  тері зақымының алдын ала тазартылған жеріне тәулігіне 2 рет, таңертеңгісін және кешкісін, 3-9 апта бойы жұқа етіп жағады. Қажет болған кезде окклюзиялық таңғышпен таңады. Емдеудің орташа ұзақтығы 3-4 айды құрайды, терапиялық әсері емдеудің 3 аптасынан кейін білінеді.

Жағымсыз әсерлері
Метрогил® гелін жергілікті қолдаған кезде қандағы метронидазол концентрациясы өте төмен, сондықтан жүйелік жағымсыз әсерлердің даму қаупі көп емес:
Сирек

  • аллергиялық реакциялар (есекжем, тері бөртпесі)
  • гиперемия, қабыршақтанып түлеу, терінің сәл құрғауы және күйдіру
  • көзден жас кету (егер гель көзге жақын жағылса).

Қолдануға болмайтын жағдайлар
Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Дәрілік әрекеттесуі
Метрогил® гелін жергілікті қолданған кезде басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі мардымсыз.
Варфаринмен және тікелей емес басқа антикоагулянттармен бір мезгілде тағайындаған кезде сақ болған жөн (протромбинді уақытты арттырады).

Айрықша нұсқаулар
Тек терінің сыртына ғана қолдануға арналған!
Көзге тигізіп алудан аулақ болу керек! Гельді көзге тигізіп алған жағдайда  оны іле-шала судың көп мөлшерімен жуған жөн.

Жүктілік және лактация
Жүктілік (І триместр), лактация кезеңінде сақтықпен қолдану керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне  әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлікті және қозғалатын механикалық құралдарды басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалау
Тері сыртына қолданған кезде ұсынылған дозадан препаратты артық дозалау жағдайлары байқалған жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы
Алюминий сықпаға 30 г-нан салынған. Картон қорапқа қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге 1 сықпа салынған.

Сақтау шарттары
30оС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Қатырмау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбау керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.

Өндіруші
"Юник Фармасьютикал Лабораториз"
("Дж.Б.Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд."
фирмасының бөлімшесі) Ворли,
Мумбай - 400 030, Үндістан